ҚАЗАҚСТАНДА
ДУАЛЬДЫ ЖҮЙЕНІ ЕНГІЗУ
Басты бет / Жобалық кездесулер

Еуропада KazDual жобасы бойынша каскадты оқыту.
Отто фон Герике атындағы Магдебург университетіндегі (Германия) тренерлер тренингі

2022 жылғы 13 маусымда Erasmus+ бағдарламасы KazDual «Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» жобасының жұмыс тобы тренингтерге қатысу мақсатымен Отто фон Герике атындағы Магдебург университетіне (Германия) келді. Қазақстан командасын М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Шәкәрім атындағы Университет, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі және Семей қаласының электротехникалық колледжі құрады.
Тренингтің бірінші күні қазақстандық  жоба командасын Отто фон Герике атындағы Магдебург университеті атынан KazDual жобасының жетекшісі, профессор Франк Буннинг қарсы алды және осы университеттің жоба үйлестірушісі, гуманитарлық ғылымдар факультетінің кәсіптік білім беру және адами ресурстарды дамыту кафедрасының ғылыми қызметкері, доктор Юлия Непомнящая тренинг бағдарламасымен таныстырды. Гуманитарлық ғылымдар факультеті инженерлік педагогика және техникалық білім кафедрасының ғылыми қызметкері Ханнес Тегелбекерс оқу бағдарламасымен таныстыра отырып, университеттің даму тарихына тоқталып және Магдебург университетінің «Кәсіптік білім беру және адами ресурстарды басқару» факультетінің дуальды оқыту моделінің ерекшеліктерімен таныстырды.
Кәсіптік мектептерде оқыту үшін маманды толық даярлау бойынша дуальды білім беру моделі ерекше қызығушылық тудырды. Бакалавриаттың 6 семестрінен бастап, университет базасында магистратураның 4 семестрін жалғастыра отырып, оның ішінде кәсіптік мектептерде тағылымдамадан өте отырып, түлектер Германияның Білім министрлігі сертификаттаған 16 айлық еңбек қызметінің референдариатынан өтеді. Сондай-ақ, қатысушылар университетте және кәсіптік мектептер базасында (мемлекеттік емтихан) маманды екі деңгейлі аттестаттаудан өткізу нысандарымен танысты.
Тренингке қатысушылардың белсенді пікірталастары дуальды білім берудің өзектілігінің және мамандарды даярлаудың вариативті бағдарламаларын зерделеу мен әзірлеудегі халықаралық ғылыми коллаборацияның маңыздылығының дәлелі болып табылады.
+7 (707) 350-55-30
Алматы
© 2024 «Бұл жоба еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырылады. Осы жарияланымның/материалдың мазмұны автордың жауапкершілігі болып табылады және еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді. Комиссия ондағы ақпаратты пайдаланғаны үшін жауап бере алмайды»