ҚАЗАҚСТАНДА
ДУАЛЬДЫ ЖҮЙЕНІ ЕНГІЗУ
Басты бет / Жобалық кездесулер

2022 жылғы 2 қарашада KAZDUAL жобасының командасы өз жұмысын ACQUIN халықаралық агенттігі ұйымдастырған сапаны қамтамасыз ету және аккредиттеу бойынша тренингте бастады. Тренинг ACQUIN бас директоры Александр Рудольф пен Агенттіктің халықаралық департаментінің басшысы Жасмин Рудольфтың сәлемдесуінен басталды. Kazdual жобасының мақсаттарына қол жеткізу шеңберінде тренингтің рөлі мен міндеттері атап өтілді. Бірінші күн бағдарламасы келесі мәселелерді талқылауды қамтыды: ACQUIN агенттігінің бағдарламаны аккредиттеу процесі, рәсімнің дайындығы мен маңызды кезеңдері, KazDual жобасы шеңберінде университеттер мен колледждердің білім беру бағдарламаларын аккредиттеуге дайындықтың жұмыс жоспары. Бірінші күннің спикерлері ACQUIN қызметкерлері Джиорина Маратци, Ләззат Нұғыманова және Юлия Балакши болды.
+7 (707) 350-55-30
Алматы
© 2024 «Бұл жоба еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырылады. Осы жарияланымның/материалдың мазмұны автордың жауапкершілігі болып табылады және еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді. Комиссия ондағы ақпаратты пайдаланғаны үшін жауап бере алмайды»