ҚАЗАҚСТАНДА
ДУАЛЬДЫ ЖҮЙЕНІ ЕНГІЗУ
Басты бет / Жобалық кездесулер

KAZDUAL жобасы жұмыс тобының онлайн-кездесуі 2021 жылғы 20 сәуірде сағат 15.00-де KAZDUAL жобасының ұлттық командасымен онлайн-кездесу өтті

KAZDUAL жобасы жұмыс тобының онлайн-кездесуі
2021 жылғы 20 сәуірде сағат 15.00-де KAZDUAL жобасының ұлттық командасымен онлайн-кездесу өтті, оған Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің өкілдері, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Шәкәрім ат. Семей университеті, Семей электротехникалық колледжі, Әуезов атындағы ОҚУ колледжі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қатысты. ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ERASMUS+ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ДУАЛЬДЫ ЖҮЙЕНІ ЕНГІЗУ – KAZDUAL ЖОБАСЫ (618835-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-SP).
Халықаралық жобаның ұлттық үйлестірушісі Баян Сапарғалиева барлығын жобаның мониторингіне дайындық жөніндегі кездесудің күн тәртібімен таныстырды. Кездесуде Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің жергілікті жоба үйлестірушісі – Светлана Карстина ТЕМПУС, Эразмус + бағдарламасының жобаларын мониторингілеуге қатысу тәжірибесімен бөлісті. Онлайн кездесуде алдағы апталарда мониторингке дайындық бойынша Жол картасына сәйкес орындалуы қажет бірқатар мәселелер талқыланды.
+7 (707) 350-55-30
Алматы
© 2024 «Бұл жоба еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырылады. Осы жарияланымның/материалдың мазмұны автордың жауапкершілігі болып табылады және еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді. Комиссия ондағы ақпаратты пайдаланғаны үшін жауап бере алмайды»