ҚАЗАҚСТАНДА
ДУАЛЬДЫ ЖҮЙЕНІ ЕНГІЗУ
Басты бет / Жобалық кездесулер

2021 жылдың 5 мамырында Дуальды жүйе бойынша жоспарланған оқу курстарының екінші кезеңі басталды.

2021 жылдың 5 мамырында Дуальды жүйе бойынша жоспарланған оқу курстарының екінші кезеңі басталды. Ұйымдастырушы - Австрияның Тироль педагогикалық университеті - Pädagogische Hochschule Tirol (Австрия). Семинар Тироль педагогикалық университетінің ректоры Томас Шопф пен Тироль университетінің проректоры Ирмгард Платнердің бейнеүндеуімен басталды. Университетпен танысу және бакалавриат бағдарламасы бойынша дайындықтың ерекшелігі туралы Форарльберг қолданбалы ғылымдар университетінің докторы Франц Гайгер, Тироль педагогикалық университетінің серіктесі Ингрид Хотарек сөз сөйледі.
Спикерлер аталған бағдарламалар бойынша оларда қазақстандық студенттер де оқып жатқанын атап өтті.
Австрияда Дуальды жүйені енгізудің серпілісі мен іргетасы кәсіпорында кәсіптік оқыту туралы Заң болып табылады. Бұл Заң үнемі толықтырылып, жаңартылып отырады, қазір кәсіптік білім беру 2015 жылғы заңның редакциясы бойынша жұмыс істейді.
+7 (707) 350-55-30
Алматы
© 2024 «Бұл жоба еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырылады. Осы жарияланымның/материалдың мазмұны автордың жауапкершілігі болып табылады және еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді. Комиссия ондағы ақпаратты пайдаланғаны үшін жауап бере алмайды»