ҚАЗАҚСТАНДА
ДУАЛЬДЫ ЖҮЙЕНІ ЕНГІЗУ
Басты бет / Жобалық кездесулер

🌍ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ #ERASMUSDAYS 2021 КҮНДЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ

🌍ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ #ERASMUSDAYS 2021 КҮНДЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ
🔹Бүкіл әлем бойынша 14-16 қазан аралығында #ErasmusDays 2021 халықаралық күнінің бесінші шығарылымына арналған іс-шаралар өтуде. ERASMUS + жобалары әлемнің көптеген елдерінде білім беру әлеуетін арттыруға бағытталған. Өткен 2020 жылы Қазақстанның 29 жоғары оқу орны ERASMUS күндерін мерекелеуге қатысып, осы іс-шараларды бүкіл әлемге таратты.
🔸Шәкәрім университеті де «Семей машина жасау зауыты» АҚ өндірістік алаңында ErasmusDays 2021 аясында «Машина жасаудағы дуалды оқыту» Шоу-туры өткізілді. Іс-шараның мақсаты: университеттер мен индустрияның серіктестігі негізінде кадрлар даярлаудың үздік тәжірибелерін тарату.
🔹ЖОО оқытушылары мен кәсіпорын тәлімгерлері студенттерге зауыт жабдықтарында тәжірибелік дағдыларды көрсете отырып оқыту ұйымдастырды. Біздің қара шаңырағымызда TEMPUS, ERASMUS+ түрлі жобаларын жүзеге асыруда айтарлықтай тәжірибе бар. Қазірдің өзінде DOCMEN (2015-2018 жж.) және COMPLETE (2015-2018 жж.) ЖБӘА 2 жобасы сәтті іске асырылды.
🔸Бүгін Қазақстанда дуалды оқытуды енгізу жобасының негізінде іс – шара өткізілді - KAZDUAL (2021-2024) - http://kazdual.kz/ . @kazdual . Жобаға әлемнің 4 елінен (Германия, Австрия, Эстония, Қазақстан) 13 әріптес қатысады
+7 (707) 350-55-30
Алматы
© 2024 «Бұл жоба еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырылады. Осы жарияланымның/материалдың мазмұны автордың жауапкершілігі болып табылады және еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді. Комиссия ондағы ақпаратты пайдаланғаны үшін жауап бере алмайды»